Жеңілмегендер жекпе-жегі. Жәнібек ганалық боксшымен жұдырықтасады

Жеңілмегендер жекпе-жегі. Жәнібек ганалық боксшымен жұдырықтасады
Фото: zakon.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 28 наурыз күні Канаданың Квебек қаласында ганалық боксшы Самир Иссамен жұдырықтасады.

Жәнібектің қарсыласы кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізген. Барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан.

Самир Исса қарсыластарының бәрімен өз елінде жұдырықтасқан. Өзге елдегі алғашқы жекпе-жегі Жәнібекпен болмақ.

Boxrec дерегіне сүйенсек, Самир Исса соңғы рет өткен жылдың наурыз айында жекпе-жек өткізген. Одан бергі аралықта шаршы алаңға шықпаған.

Н. Үсенова