Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Амстердамда (Нидерланд) футболдан Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан ұлттық құрамасы "С" дивизионында төртінші топқа түсті.

Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы Албания, Беларусь және Литва футболшыларымен ойнайды. Ойындардың барлығы биыл күзде өтеді.

1-ші тур, 4 қыркүйек, Литва - Қазақстан
2-ші тур, 7 қыркүйек, Қазақстан - Беларусь
3-ші тур, 10 қазан, Қазақстан - Албания
4-ші тур, 13 қазан, Беларусь - Қазақстан
5-ші тур, 12 қараша, Албания - Қазақстан
6-шы тур, 15 қараша, Қазақстан – Литва

uefa.com

UEFA (Еуропадағы футбол қауымдастықтары Одағы) Ұлттар лигасына қатысты ережеге өзгертулер енгізгеннен кейін Қазақстан құрамасы "С" дивизионына жоғарылаған еді. Естеріңізде болса, өткен жылы қазақ футболшылары "D" дивизионында болып, Грузия, Латвия және Андорраға қарсы бір топта ойнаған болатын. 6 ұпай жинап, топта екінші орын алған. Ал бірінші орын алған Грузия құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдама үшін жарысты жалғастырады.

Алғашқы Ұлттар лигасының жеңімпазы – Португалия құрамасы. Олар финалда Нидерланд футболшыларын 1:0 есебімен ұтты. Негізінен бұл жарыс ұлттық құрамалардың жолдастық кездесулерін алмастыру мақсатында қолға алынған.