Дзюдодан Марокко Гран-приі коронавирусқа байланысты өтпейтін болды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Дзюдодан Марокко Гран-приі коронавирусқа байланысты өтпейтін болды
Фото ©️ International Judo Federation

Дзюдодан Марокко астанасы Рабатта жоспарланған әлемдік Гран При кезеңі коронавирустың белең алуына байланысты өтпейтін болды.

БӨЛІСУ

6-8 наурыз күндері өтетін додаға 95 елден 583 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Марокко билігі әлемде коронавирустың белең алуына байланысты және әлемдік Денсаулық сақтауы ұйымының өтініші бойынша жарысты өткізбейтін болды. 2 наурыз күні Марокконың денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырған адамның келгенін мәлімдеген еді. 

Аталған бәсекеге Қазақстаннан 15 дзюдошы қатысу керек болған. Ерлер құрамасы Алматыда жарысқа дайындығын пысықтап, 3 наурыз күні жарыс өтетін Мароккоға аттануы керек еді. Гран-приге Бауыржан Нарбаев, Ерлан Серікжанов, Серік Ақылбек, Жансай Смағұлов, Руслан Мусаев, Дидар Хамза, Ерсұлтан Мұзаппаров, Айбек Серікбаев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай, Әйгерім Әбілқадірова, Ғалия Тынбаева, Анна Казюлина, Севара Нишанбаева және Зарина Райфова қатысады деп жоспарланған.