"Астана" жаңа маусымды Алматыда бастайды

Ел чемпиондары "Астана Арена" стадионы жөндеу жұмыстарына жабылғанына байланысты 2020 жылғы маусымның бастапқы ойындарын басқа қалада өткізуге мәжбүр.

Михал Билектің командасы жаңа маусымды Алматы қаласындағы "Жас Қыран" стадионында бастайды. Әзірге "Астана" маусымның алғашқы ойындарын осында өткізеді деп жоспарлануда.

"Жас Қыран" стадионында 2018 жылдың қараша айында ФИФА сертификатын алған жасанды алаң төселген. Стадионның сыйымдылығы 1500 адамға шақталған.

Алғашқы ойын "Жас Қыран" стадионында 7 наурыз күні өтеді. Бұл күні "Астана" "Қызыл-Жар" командасын қабылдайды.