"Барселонаны" ұтқан "Реал" ла лигада көш бастады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
"Барселонаны" ұтқан "Реал" ла лигада көш бастады
Фото ©️ thenational.ae

Футболдан Испания ла лигасының ХХVI турында Мадридтің "Реалы" мен Каталонияның "Барселона" клубтары кездесті. "Сантьяго Бернабеуде" өткен ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш басына шықты.

БӨЛІСУ

Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. "Корольдік клубқа" жарқын жеңіс сыйлаған голдарды Жуниор Винисиус пен Мариано соқты.


Каталондық клуб биылғы маусымдағы екі ойында да "Реал" қақпасына гол соға алмады. Бірінші айналымда "Камп Ноуда" өткен кездесу 0:0 болған. Осылайша мұндай дерек 45 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. "Барселона" "Реал" қақпасына екі ойында да гол соқпаған маусым 1974/1975 жылы болған.

56 ұпай жинаған "Реал" Испания ла лигасында көш басына шықты. 1 ұпайы кем "Барселона" екінші орынға түсті.