Алматыда Наурыз мейрамына орай бокс кеші өтеді

28 наурыз күні Алматы қаласындағы "Халық Арена" кешенінде MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен бокстан Nauryz Fight Night турнирі өтеді. 

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) шығады. Ал әуесқой бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Тұрсынбай Кұлахмет кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізбек. Сондай-ақ жеңіліп көрмеген Әли Балоев (9-0, 7 КО), Абай Төлеш (5-0, 3 КО), Рай Сейітжанов (2-0), Нұрдос Төлебай (2-0, 1 KO) және Әбілхайыр Шегалиевтің (8-0, 4 КО) шаршы алаңға шығатыны белгілі болды. 

Бокс кешіне көрші Өзбекстан өкілі, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Фазлиддин Гайбназаров (8-1, 5 KO) шақырту алған. Жанкүйерлер Пәкістан боксшысы Мухаммад Васимнің (10-1, 7 КО) өнеріне тәнті болмақ.