Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Алматыдағы Баум тоғайында Көктемгі жүгіру өтеді

Алматыдағы Баум тоғайында Көктемгі жүгіру өтеді

Алматыдағы Баум тоғайында Көктемгі жүгіру өтеді

2020 жылғы 14 наурызда "Алматы марафонына" дайындықтың қарсаңында екінші маусымдық жарыс — Көктемгі жүгіру өтеді. Сөре сызығына 1 500-ге жуық жүгіруші жиналмақ.

Жүгіру арақашықтықтары:

- 13 км (жүгіру мен скандинав жүрісінің әуесқойлары үшін);

- 3 км (балаларға арналған арақашықтық).

Көктемгі жүгіруге 10 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады.

Абсолюттік есептегі жеңімпаздар, 13 км арақашықтықтағы ең жылдам қатысушыларға медальдар мен ақшалай жүлделер табыс етіледі. Жалпы жүлде қоры 200 000 теңгені құрайды. Өзінің жас шамасы санаттарында алғашқы үш орынға ие болған жүгірушілерге серіктестерден медальдар мен жүлделер табысталады. Мәре сызығына жеткен әрбір жүгірушіге естелік ретінде медаль беріледі.

– Кез келген спорттық жарысқа дұрыстап дайындалу керек. Ағзаңыз жүктемені қабылдауға үйреніп, бейімделуі тиіс. Сондықтан жаттығуларға, тамақтануға және өз режиміңізге ерекше назар аударыңыз, - дейді "Алматы марафоны" директоры Салтанат Қазыбаева. — Жүгіру старттарына дайындалып жатқандарға жүгіріп жаттығуды ұйымдастырдық. Олар аптасына үш рет ақысыз негізде өткізіліп тұрады: сейсенбі сайын сағат 20:00-де Тұңғыш Президент саябағында, ал бейсенбі күндері сағат 20.00-де және сенбі күндері 10.00-де "Атакент" ҚІЫО саябағында.

"Алматы марафонының" биылғы ең басты жүгіру стартының басталуына 2 айдан аз уақыт қалды. Тіркелу басталды және 2020 жылғы 1 сәуірге дейін жалғасады.

Көктемгі жүгіруді ұйымдастырушылар: "Бірінші болу — батылдық" корпоративтік қоры, "World Class Almaty" фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #сеніңбасқатүрің мультиспорттық Youtube арнасы.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: ұйымдастырушылардан
Қосылған күні: 24 ақпан, 20:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.