Месси 1000 нәтижелі әрекетпен көзге түскен

"Алтын доптың" алты дүркін иегері Лионель Месси мансабында 1002 нәтижелі әрекет жасап, кезекті рекордын жаңартты.

"Барселонаның" шабуылшысы Испания чемпионаты аясында өткен "Эйбарға" қарсы матчта покер жасады. Осылайша Мессидің еншісінде 696 гол және 306 нәтижелі пас болды. Ол мұндай нәтижеге Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының сапында жетті.

Лионель Мессидің "Барселона" сапындағы көрсеткіші