Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстанда жаңа футбол командасы құрылды
Қазақстанда жаңа футбол командасы құрылды

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші лигасына жаңа команда қосылды. Түркістан облысында құрылған команда "Темірлан" деп аталады.

Жаңа команда 2020 жылдың қаңтар айында құрылған. Шымкент қаласынан 40 шақырым қашықта орналасқан Ордабасы ауданы Темірлан елдімекені атынан жарыстарда бақ сынайды. Өз алаңындағы ойындарын да осы елдімекендегі Қажымұқан атындағы стадионда өткізеді. Алаңға 1000-ға жуық көрермен сыяды.

Клуб алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізді. 6 ойын ойнап, футболшыларды іріктеген. Келесі дайындықтарын 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында пысықтайды.

Жаңадан құрылған "Темірлан" командасын 64 жастағы қазақстандық маман Шайзидин Кенжебаев жаттықтырады. Фанас Салимов пен Рахматулла Жакудаев көмекшілері қызметіне тағайындалған. Жалпы команда Түркістан облысындағы жас ойыншылардан құралған.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: vk.com
Қосылған күні: 22 ақпан, 11:26
Ұқсас жазбалар:
"Астана" футбол клубының логотипі ауысты Massaget.kz