Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген  боксшымен жекпе-жек өткізеді
Фото: Sportbox

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) қарсыласы белгілі болды.

WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері 28 наурызда Квебек-Ситиде (Канада) өтетін Артур Бетербиев (15-0, 15 КО)  пен Мэн Фаньлун (16-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығады.

Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшы Димитриус Баллардқа (20-0-1, 13 КО) қарсы жұдырықтасады. Америкалық былғары қолғап шебері әлі жеңіліп көрмеген. Мансабында өткізген 21 жекпе-жегінің тек біреуін тең аяқтаса, қалған 20 кездесуінде жеңіске жеткен. 13 қарсыласын нокаутқа жіберген.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

 
А. Рысдәулет