Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / 19 жастағы футболшы Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты
19 жастағы футболшы Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі (1/8 финал) ойындар басталды. Топтық кезеңнен бастап жұрт назарына іліккен 19 жастағы шабуылшы Эрлинг Холанд кезекті рекордын жаңартты.

Соңғы уақытта Чемпиондар лигасының басты рекордсменіне айналған норвегиялық футболшы ПСЖ-ға қарсы өткен матчта дубль жасады. Осылайша Холанд кәрі құрлықтың басты додасының алғашқы жеті матчында 10 гол соққан тұңғыш футболшы болды.

Жас шабуылшы мергендігімен таңқалдырудан жалықпай келеді. Ол "Боруссия" командасының сапында өткізген алғашқы жеті матчында 11 гол соғып үлгерген. Оған қоса Холандтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңін "РБ Зальцбург" командасында өткізгенін атап өту керек. 

Ал Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясында өткен матчтардың нәтижесін төменнен көре аласыз:

"Атлетико" - "Ливерпуль1-0

"Боруссия Д" - "ПСЖ" 2-1

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Eurosport
Қосылған күні: 19 ақпан, 11:06