Ағылшын Премьер-лигасында ең көп еңбекақы алатын футболшылар

Беделді Spotrac басылымы футболдан Ағылшын Премьер-лигасының ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімін жасады.

Жалақысы жоғары футболшылардың тізімін Давид Де Хеа бастады. "Манчестер Юнайтед" қақпашысына жылына 23 миллион еуро төлейді екен. Екінші сатыға "Манчестер Ситидің" ойыншысы Кевин Де Брюйне жайғасқан. Бельгия құрамасының ойыншысы жылына 19,7 миллион еңбекақы алады екен. Жалақысы Де Брюйнеден 1 миллион еуродан сәл аз болатын Рахим Стерлинг үшінші орынға тұрақтады.

Ағылшын Премьер-лигасында ең көп жалақы алатын 15 футболшының тізімі мынадай:

1. Давид Де Хеа ("Манчестер Юнайтед") - жылына 23 миллион еуро;
2. Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити") - 19,7;
3. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") - 18,5;
4. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") - 17,8;
5. Месут Озил ("Арсенал") - 16,5;
6. Антони Марсьяль ("Манчестер Юнайтед") - 15,3;
7. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити") - 14,1;
8-11. Мохамед Салах ("Ливерпуль") - 12,3;
8-11. Маркус Рашфорд ("Манчестер Юнайтед") - 12,3;
8-11. Гарри Кейн ("Тоттенхэм Хотспур") - 12,3;
8-11. Тангай Н'Домбеле ("Тоттенхэм Хотспур") - 12,3;
12. Александр Ляказетт ("Арсенал") - 11,1;
13. Роберто Фирмино ("Ливерпуль") - 11;
14. Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль") - 10,1;
15. Гарри Магуайр ("Манчестер Юнайтед") - 10.