Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Құдайдың қолы". Филиппиндік футболшының қолмен соққан голы тіркелді
"Құдайдың қолы". Филиппиндік футболшының қолмен соққан голы тіркелді

Азия футбол конфедерациясының (АФК) Кубогы аясында өткен "Церес" пен "Свайриенг" командалары арасындағы матчта қызық жағдай болды.

Матчтың 14-ші минутында "Церестің" қорғаушысы Джошуа Громмен әріптесінің әуелетіп берген добын қолмен қақпаға дәл бағыттады. Футболшының қолмен соққанын байқамаған төреші голды санап жіберді.

Бұған ұқсас голды 1986 жылы Англия құрамасының қақпасына әйгілі Марадона соққан болатын. Мексикада футболдан өткен әлем чемпионатының ширек финалында бойы аласа Диего допқа басымен жете алмайтынын сезіп, допты қақпаға қарай қолмен бағыттап жіберген. Төреші алаң ортасына көрсеткенде, айналадағы қалың жұрт таңқалған. Бірақ бұл шешімді өзгерту мүмкін емес еді. "Құдайдың қолымен" соғылған голдың арқасында таблода 1-0 есебі көрінді.

Кездесу аяқталғанда Марадона өз сөзінде былай айтқан еді: "Гол қолмен соғылса да, бұл – Құдайдың қолы". Бұл сөз тіркесі халық арасында афоризм ретінде таралып, соғылған гол футбол тарихындағы ең таңқалдырарлық және ерекше голдардың біріне айналды. 

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: ESPN
Қосылған күні: 12 ақпан, 10:04
Ұқсас жазбалар:
Құдайдың қолы Massaget.kz