Трансфер: шығынға батқан және пайда тапқан клубтар

CIES Football Observatory зерттеу орталығы соңғы екі жылда трансферге ең көп қаржы жұмсаған және пайда тапқан клубтардың тізімін жасап шықты.

Трансфер нарығында 181 миллион еуро шығынға батқан "Реал" көшті бастады. Мадридтік клуб жеті футболшысын 149 миллион еуроға сатса, 330 миллионға жеті ойыншыны сатып алған. Екінші орынға "Астон Вилла" жайғасса, "Барселона" үштіктен орын алды. 

Еуропаның мықты 5 лигасында жағдай мынадай: Ағылшын Премьер-Лигасы - 844 миллион еуроға шығындалған, Ла Лига (Испания) - 418 миллион еуро төлесе, А Сериясы (Италия) - 407 миллион еуроға шығындалған, Бундеслига (Германия) - 263 миллион еуро жұмсаған. Ал Францияның 1 Лигасы, керісінше, 106 миллион еуро табыс тапқан.

Соңғы екі маусымда трансферлік нарықта ең көп шығынға батқан клубтар:

1. "Реал" - 181 миллион еуро (330 миллион еуро жұмсап, 149 миллион пайда тапты);
2. "Астон Вилла" - 169 (172, 3);
3. "Барселона" - 166 (288, 122);
4. "Манчестер Юнайтед" - 151 (244, 93);
5. "Тоттенхэм" - 141 (204, 63);
6. "Монако" - 121 (211, 90);
7. "Интер" - 111 (235, 124);
8. "Ювентус" - 94 (235, 141);
9. "Фиорентина" - 93 (137, 44);
10. "Герта" - 92 (117, 25).

Ағылшынның "Челсиі" соңғы екі жылда 16 футболшысын жалпы сомасы 250 миллион еуроға сатқан екен. Сол уақыт аралығында тек Матео Ковачичті 45 миллион еуроға сатып алған. 

Соңғы екі маусымда трансферлік нарықта табысқа кенелген клубтар:

1. "Челси" - 205 миллион еуро (45 миллион еуро жұмсап, 250 миллион пайда тапты);
2. "Бенфика" - 166 (64, 230);
3. "Аякс" - 137 (64, 201);
4. "Спортинг" - 92 (29, 121);
5. "Ред Булл Зальцбург" - 75 (28, 103);
6. "Лилль" - 69 (99, 168);
7. "Хоффенхайм" - 69 (65, 134);
8. "Сампдория" - 57 (42, 99);
9. ПСВ - 56 (42, 98);
10. "Эмполи" - 50 (20, 70).