Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыста 5 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыста 5 медаль жеңіп алды

Таэквондодан Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджайра қаласында өткен рейтингтік "Fujairah Open G2" халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына 5 жүлде түсті.

54 килоға дейінгі салмақта Елжан Елшібай қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынса, 63 килода Қазыбек Бақтиярұлы мен 73 килодағы Айтолқын Орынбасар күміс жүлдені қанжығалады. Үздік үштіктен  Алмат Қожахмет (68 кг) пен Амина Нұрғазықызы (62 кг) көрінді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль түсті.

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 02 ақпан, 20:40
Тегтер: спорт, таэквондо,