Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыста 5 медаль жеңіп алды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыста 5 медаль жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Таэквондодан Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджайра қаласында өткен рейтингтік "Fujairah Open G2" халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына 5 жүлде түсті.

БӨЛІСУ

54 килоға дейінгі салмақта Елжан Елшібай қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынса, 63 килода Қазыбек Бақтиярұлы мен 73 килодағы Айтолқын Орынбасар күміс жүлдені қанжығалады. Үздік үштіктен  Алмат Қожахмет (68 кг) пен Амина Нұрғазықызы (62 кг) көрінді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль түсті.