Роналдудың Instagram фолловерлері 200 миллионға жетті

Әлемнің ең мықты футболшыларының бірі Криштиану Роналду ерекше рекорд орнатты. Португалия футболшысының Instagram-парақшасына жазылған адамдар саны 200 миллионға жетті.

Әлеуметтік желілердің статистикасымен айналысатын Trackalytics жүйесінің мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Криштиану Роналду 200 миллион жазылушысы бар алғашқы әрі жалғыз адам. Тек Instagram-ның ресми парақшасында ғана 330 миллион жазылушы бар.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Wow 200 million!!! Thank you to each and every one of you for sharing this journey with me every day!!????????❤️

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)29 Янв 2020 в 9:09 PST

Өткен жылдың басында Роналду 150 миллион жазылушы жинаған алғашқы адам атанған еді. Buzz Bingo мәліметінше, португалиялық футболшы Instagram парақшасында бір жарнама посты үшін 50 миллион доллар шамасында пайда табады.

Instagram желісіндегі ең атақты адамдар:

Криштиану Роналду (футболшы, Португалия): 200 миллион жазылушы; 

Ариана Гранде (әнші, АҚШ): 173 миллион; 

Дуэйн Джонсон (киноактёр, АҚШ): 170  миллион; 

Селена Гомес (әнші, АҚШ ) 167 миллион;  

Ким Кардашьян (фотомодель, АҚШ): 158 миллион; 

Кайли Дженнер (фотомодель, АҚШ): 160 миллион;

Лионель Месси (футболшы, Аргентина): 141 миллион;

Бейонсе (әнші, АҚШ): 139 миллион;

Неймар (футболшы, Бразилия): 132 миллион.