Жүкембаев екінші раундта жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО)  мексикалық Рикардо Лараға (22-7, 10 КО) қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті. Отандасымыз екінші раундта қарсыласын нокаутпен ұтып шықты.

Екі боксшы Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Батыр бастапқыда аргентиналық боксшы Максимилиано Рикардо Веронмен кездесуі керек болған. Бірақ қарсыласы виза алуда қиындыққа тап болған.

Батыр Жүкембаев WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental чемпиондық атақтарын қорғауы керек болған. Бірақ кейіннен өтпейтін болды.