Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қысқы Олимпиада-2022: Хоккейден Қазақстан құрамасына кімдер шақырту алды?
Қысқы Олимпиада-2022: Хоккейден Қазақстан құрамасына кімдер шақырту алды?

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка Қысқы Олимпиадаға іріктеу сатысына қатысуға мүмкіндік алатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Андрей Скабелка мына хоккейшілерге сенім білдірген: Хенрик Карлсон, Сергей Кудрявцев, Владимир Крамарь, Денис Каратаев, қорғаушылар - Джесси Блэкер, Даррен Диц, Самат Данияр, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семенов, Егор Шалапов, шабуылшылар - Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дастин Бойд, Кёртис Волк, Артур Гатиятов, Дмитрий Гурков, Найджел Доус, Саян Данияр, Ярослав Евдокимов, Талғат Жайлауов, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Антон Некряч, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Евгений Рымарев, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Н тобында Польша, Украина және Нидерландымен сынға түседі.

Қазақстан хоккейшілері 6 ақпанда Украинамен кездеседі. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының 2019 жылғы көрсеткіші бойынша украин хоккейшілері әлемдік рейтингте 25-орында тұр.

Қазақстандық хоккейшілер 7 ақпанда Нидерландпен мұз айдынға шығады. Нидерланд құрамасы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының 2019 жылғы көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте 28-орында келеді.

Ал 9 ақпанда қазақстандық хоккейшілер Польшамен шеберлік байқасады. Олар халықаралық шайбалы хоккей федерациясының 2019 жылғы көрсеткіші бойынша олар әлемдік рейтингте 22-орында тұр.

Ал Қазақстан 2570 ұпаймен 19-орында. Қазақстандық хоккейшілер топта бірінші орын алса, іріктеу кезеңінің финалдық сатысына жолдама алады. Жарыстың аталмыш сатысында қазақстандық хоккейшілер 2020 жылдың 27-30 тамыз аралығында Словакия, Норвегия, Латвиямен шеберлік сынасады.

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарында екі мәрте бақ сынады. 1998 жылы ширек финалға дейін жетсе, 2006 жылы жалпы есепте тоғызыншы орын алды.

Дайындаған: Massaget
Фото: iihf.com
Қосылған күні: 25 қаңтар, 23:54