Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Әлемнің үздік футбол лигалары. ҚПЛ нешінші орында?
Әлемнің үздік футбол лигалары. ҚПЛ нешінші орында?

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысына сәйкес әлемнің ең мықты лигаларының рейтингін түзді.

2009 жылдан бері алғаш рет Ағылшын Премьер-лигасы көш бастады. Соңғы он жылда Испания Примерасына тең келетін біріншілік болмаған еді. Жаңартылған рейтингтің екінші сатысында Бразилияның А Сериясы жайғасты. Үздік үштікті Ла Лига түйіндеді.

Қазақстан Премьер-Лигасы 410 ұпаймен 43-ші орыннан көрінді. Өткен жылға қарағанда біздің чемпионат үш сатыға төмендеген. Біздің алдымызда Сауд Арабиясы (32), Конго (35), Қытай (39) және Венесуэла (41) мемлекеттерінің біріншіліктері жайғасқан. 

IFFHS рейтингін түзу барысында неге негізделгені нақты белгісіз. Ұпайлар командалардың әр түрлі турнирлердегі нәтижесі, футболшылардың трансфері және чемпионаттың қаржысына қарай берілген болу керек.

Әлемнің ең мықты 10 чемпионаты:

1. Англия – 1287 ұпай;
2. Бразилия – 1165;
3. Испания – 1141;
4. Италия – 939;
5. Колумбия – 849;
6. Португалия – 834;
7. Франция – 818;
8. Голландия – 790,5;
9. Аргентина – 776;
10. Германия – 765,5,
...25. Украина - 542,
26. Ресей- 538,5,
...36. Болгария - 437,
...40. Венгрия - 425,5,
...43. Қазақстан - 410,
...45. Беларусь - 397,
...52. Польша - 364,5,
...61. Латвия - 340,
...67. Өзбекстан - 292,5,
...71. Литва - 279,5.

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Evening Standard
Қосылған күні: 21 қаңтар, 11:46
Ұқсас жазбалар:
Әлемнің қос мықтысы рекорд жаңартты Massaget.kz