Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Макгрегор қарсыласын 40 секундта жеңіп шықты
Макгрегор қарсыласын 40 секундта жеңіп шықты

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор UFC 246 турнирінің басты жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті. Америкалық қарсыласы Дональд Серронені 40 секудта жеңіп шықты.

Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған. Алайда бірінші раундтың бір минуты өтпей-ақ Макгрегор мықтылығын мойындатып кетті.

#ufc246 McGregor is back.

I like the way he respected Cowboy Cerrone after the TKO. pic.twitter.com/bVpi9Osxpv

— Otis Rosman (@OtisRosman) January 19, 2020

Ирландиялық спортшы бұл жекпе-жек үшін 3 миллион доллар сыйақы алады. Ал Дональд Серроне 200 мың доллар табысқа кенелді.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Reuters
Қосылған күні: 19 қаңтар, 11:40