Шахматтан 18 жасқа дейінгі Қазақстан чемпиондары анықталды

Шахматтан 18 жасқа дейінгі Қазақстан чемпиондары анықталды

Алматыда 18 жасқа дейінгі классикалық шахматтан Қазақстан Чемпионаты қорытындыланды. Классика бойынша үлкен жастағы санатта алматылық Рамазан Жалмаханов пен қызылордалық Әсел Серікбай жеңіске жетті, олар ақшалай сыйлықтан басқа, 2020 жылы балалар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.

Сондай-ақ, Қазыбек Нөгербек пен Ксения Балабаева 16 жасқа дейінгі категорияда шахматтың бірден үш түрінен жеңіске жетіп, турнирдің абсолютті чемпиондары атанды.

"Қарсыластар өте мықты болды, мен Алрами Алдабергенова мен Әсел Лесбекованы күміс жүлделерімен құттықтағым келеді. Оларға Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетулерін тілеймін, - дейді Әсел Серікбай, - сондай-ақ, біз Рамазан екеуміз былтыр да Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атандық. Биыл біз әлем чемпионатында жүлделі орындардан көрінуге тырысамыз".

16 жасқа дейінгі классика бойынша Қазыбек Нөгербек пен Ксения Балабаева жеңімпаз атанды. 14 жасқа дейінгі категорияда Алдияр Аңсат пен Алуа Нұрманова үздік атанды. 12 жасқа дейінгі категориядағы қорытынды кестені Алдияр Аңсат пен Зарина Нұрғалиева бастады. Эдгар Мамедов пен Елназ Қалиахмет 10 жасқа дейінгі категорияда жеңіске жетті. 8 жасқа дейінгі категорияда Әлішер Абдсаттар мен Ханзада Аманжол жеңіске жетті. Олар сонымен қатар өз категориялары бойынша әлем кубогында республиканың атынан шығатын болады. 6 жасқа дейінгі категорияда Эльсид Эльмурзиев пен Жансая Шолпанбек алтын жүлделерге ие болды.

"Биыл Қазақстан Чемпионатына қатысқан жас шахматшылардың саны рекордқа жетті. Чемпион атағы үшін барлығы 872 спортшы бәйгеге түсті, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко – Еліміздің әр аймағынан келген спортшылардың жеңімпаз атанып, шахмат спортында жаңа есімдердің пайда болуы ерекше қуантады. Үш жылдан бері 6 жасқа дейінгі балалар республикалық біріншілікке қатысып келеді. Бастапқыда бұл эксперимент ретінде жоспарланған болатын, ал қазір сенімімізді толықтай ақтады".

Республикалық чемпионатқа және ресми жүлде қоры 2 млн. теңге үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі жеті жас категориясы бойынша балалар әр өлкеден келді. Классикадан алтын және күміс медаль иелері 2020 жылғы Әлем және Азия чемпионаттарына жолдама алды.

Айта кетейік, "Қазақстан шахмат федерациясы" РҚБ-гі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен “Алматы марафон” негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович) қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аккредиттелген.

Т. Раушанұлы