Бауыржан Исламхан "Зенит" сапына ауысуы мүмкін

Бауыржан Исламхан "Зенит" сапына ауысуы мүмкін
Фото: kazfootball.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан мансабын Ресейдің "Зенит" клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

Ресей премьер-лигасында көш бастап келе жатқан команда қазір маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Катар елінде өткізуде. Кеше "Қайратпен" бірге жаттығуға қатысқан қазақстандық футболшы бүгін "Зенит" сапына қосылуы мүмкін.

2019 жылы Бауыржан Исламханның "Қайратпен" келісімшарт уақыты аяқталды. Командамен қайта ұзартқан жоқ. Бірақ келісім бойынша футболшы мансабын қазақстандық клубтардың бірінде жалғастырмайды. Осыған дейін Ресейдің "Локомотив" және "Крылья Советов" командаларынан ұсыныс түскені жайлы ақпарат тараған.

Н. Үсенова