Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Барселонаның" бас жаттықтырушысы ауысты

"Барселонаның" бас жаттықтырушысы ауысты

"Барселона" футбол клубы басшылығы Эрнесто Вальвердені қызметінен босатты. Оның орнына испандық маман Кике Сетьенді тағайындады.

Каталондық клубтың ресми сайты хабарлағандай, команда мен жаттықтырушы өзара келісім бойынша жұмыстарын тоқтатқан. Сондай-ақ кәсіби шеберлігі үшін маманға өз алғыстарын білдірді.

- Клуб Эрнесто Вальвердеге жұрт алдында кәсіби шеберлігі, мақсатты орындай білуі мен өз ісіне жауапты маман болғаны үшін зор алғыс айтады. Болашақта оған сәттілік пен табыс тілейміз, - деп жазды клуб ресми хабарында.

Эрнесто каталондық клуб тізгінін 2017 жылы ұстаған. Екі рет Испания чемпионы атанды. Одан өзге Испания Суперкубогы мен кубогын жеңіп алды. Ал Чемпиондар лигасында бір рет 1/4, бір рет жартылай финалда сүрінді. 163 рет команданы алаңға бастап шығып, оның 108-де жеңіске жетті. 35 рет тең ойнап, 20 рет ұтылған.

"Барселона" жаңа жаттықтырушы Кике Сетьенмен 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. Испандық маманның ең кейінгі жаттықтырған командасы – "Бетис". Бұл клуб Испания чемпионатының 2017/2018 жылғы маусымында 6-орын алған. Ал өткен маусымда ел кубогының жартылай финалына дейін жеткен. Сондай-ақ Кике "Расинг", "Поли Эхидо", Экваторлық Гвинея құрамасы, "Логроньес", "Луго" және "Лас-Пальмас" клубтарында қызмет атқарған.

Қазіргі таңда каталондық клуб Испания чемпионатының 19 тур ойындарынан кейін 40 ұпаймен бірінші орында келеді. Мадридтің "Реал" клубында да 40 ұпай бар. "Корольдік клубтан" қосымша көрсеткіштер бойынша ғана алда тұр.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: fcbarcelona.com
Қосылған күні: 14 қаңтар, 09:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.