Садриддин Ахметов Канадада

Садриддин Ахметов Канадада "Жыл жаңалығы" деп танылды

Канаданың Netboxe.com басылымы 2019 жылды қорытындылады. Қазақстан кәсіпқой бокс парақшасының мәліметінше, Netboxe.com 21 жастағы қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы BC Asia және WBC Youth World чемпионы Садриддин Ахметовты жыл жаңалығы деп таныған.

"Қазақстанның бірінші орта салмақтағы спортшысы Канадада өзіне артылған үмітті толық ақтады. 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахметов 18 жасында-ақ жасындай жарқылдап, әуесқойлар арасында үздік атанды.

2018 жылы Садриддин кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл кезде бозбала әуесқой бокста 251 жекпе-жек өткізіп, оның 241-інде жеңіске жеткен болатын. Нұрзат Сабыров және Батыр Жүкембаев секілді қазақстандық боксшылармен жұмыс істеп үлгерген Камил Эстефанның Eye of the Tiger Management атты канадалық компаниясы Ахмедовты қуана-қуана өз қамқорлығына алды.

Қазір Садриддинді Марк Рэмси жаттықтырып жүр. Жоғары техниканы меңгерген Ахметовтың соққысы өте күшті. Рэмсидің айтуынша, оның шәкірті бірнеше жылда әлем чемпионы атанады.

Садриддин осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста өткізген 11 айқастың барлығында жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының даңқ жолындағы жетістіктері таңғалдырады", - деп жазды басылым.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен