Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді
Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен қаласында WTA сериясының турнирінде әлемнің 20-ракеткасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалда қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Путинцева кездесудің жеңімпазы атанды.

Есеп 6:3, 3:6, 7:5 болды. Осылайша қазақстандық спортшы қыз жарыстың 1/8 финалына өтті. Оның келесі айналымдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, Путинцева WTA рейтингінде 32-орында тұр.
Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: lenta.inform.kz
Қосылған күні: 07 қаңтар, 17:05