Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Арман Оспанов Алматыда жекпе-жек өткізеді
Арман Оспанов Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақ ережесіз жекпе-жек шебері Арман "Сұңқар" Оспанов 6 наурыз күні Алматыда өтетін АСА 105 турнирінде бақ сынайды. 

"Сұңқар" ресейлік тәжірибелі ережесіз жекпе-жек шебері Расул Мирзаевпен жұдырықтасады. ММА спортында 20 кездесу өткізген. Оның 18-де жеңіске жетсе, 2 рет жеңілген. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ACA MMA (@aca_mma)6 Янв 2020 в 12:55 PST

Арман мен Расул 2018 жылы Мәскеуде өткен АСВ 90 турнирінде жекпе-жек өткізуі қажет еді. Алайда қазақстандық спортшы жарақат алуына байланысты жекпе-жекке қатысудан бас тартты. Ал Расул Мирзаев болса қазақстандық тағы бір спортшы Ержан Естановпен үш мәрте кездесіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде Арман Оспанов ресейлік Алексей Полпудниковпен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңілді.

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: ACA
Қосылған күні: 06 қаңтар, 18:27