Әлемнің үздік әйел футболшысы The Best сыйлығын жоғалтып алды

Әлемнің үздік әйел футболшысы The Best сыйлығын жоғалтып алды
Фото: segodnya.ua

“Лион” клубы және Франция әйелдер құрамасының капитаны Венди Ренар 2019 жылы үздік футболшыға FIFA тарапынан берілетін "The Best" сыйлығын жоғалтып алды. 

Футболшының айтуынша, Парижден Лионға бара жатқан жолда пойызда чемоданын ұмытып қалдырған. Оның чемоданында "France Football" және "The Best" марапаттары болған.

Ренат чемоданын ұмытып қалдырғаны есіне түсіп, вокзалға қайтып барғанда, вокзал әкімшілігі чемоданын тауып берген. Бірақ, оның ішінде "The Best" сыйлығы болмаған. Ол марапаты туралы білетіндердің барлығынан хабар беруін өтініп сұраған.

Айта кетейік, 29 жастағы Ренар “Лион” клубымен бірге Франция чемпионатында 11 рет және Чемпиондар Лигасында 4 рет жеңіске жеткен.

Т. Раушанұлы