Зарина Дияс Гонконгтегі турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгте өткен ITF сериясындағы турнирде топ жарды. Отандасымыз финалда қытайлық теннисші қыз Чжу Линнен басым түсті.

Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын жарыста Зарина жарқын ойынымен көзге түсті. Финалда қарсыласын 6:4 және 7:5 есебімен ұтып шықты.

Қазақстандық теннисші осыған дейін Чжу Линмен үш рет ойнаған. Екі рет ұтқан. Бүгінгі нәтиже бойынша үшінші рет қарсыласына мықтылығын мойындатты.

Зарина Дияс мансабында оныншы рет өзі қатысқан жарыста топ жарып отыр. Оның тоғызы – ITF санатындағы турнир. Бір рет (2017 жылы Токиода) WTA International жарысында топ жарған.