Қазақстандық спортшылар қатысатын қаңтар айындағы жарыстар

Қазақстандық спортшылар қатысатын қаңтар айындағы жарыстар
Фото: olympic.kz

Қаңтар айында қазақстандық спортшыларды бірнеше ірі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Жаңа жылмен бірге #TEAMKZ мүшелері жаңа лицензиялық турнирлерді де бастайды. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады. 

Елішілік жарыстар: 

Волейболдан Қазақстанның ішкі қысқы чемпионаты – 04-11 қаңтар, Алматы, Орал, Нұр-Сұлтан;

 Жүзуден жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 07-11 қаңтар, Қостанай; 

 Үстел теннисінен іріктеу турнирі – 12-18 қаңтар, Қарағанды; 

 Жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионаты – 17-18 қаңтар, Өскемен; 

 Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты – 21-31 қаңтар, Алматы;

 Ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 22-29 қаңтар, Қостанай; 

 Академиялық есуден Қазақстан чемпионаты – 24-27 қаңтар, Теміртау; 

 Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнир, 25 қаңтар, Өскемен; 

 Бадминтоннан 16 үздік спортшы арасындағы Қазақстан чемпионаты – 26-30 қаңтар, Алматы; 

 Көркем гимнастикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 24 қаңтар – 01 ақпан, Шымкент; 

Халықаралық турнирлер: 

 Волейболдан Азия аймақтық іріктеу турнирі (әйелдер) – 7-12 қаңтар, Накхонратчасима (Таиланд);

 Волейболдан Азия аймақтық іріктеу турнирі (ерлер) – 7-12 қаңтар, Цзянмынь (Қытай);

 Тас жолдағы велоспорттан халықаралық турнир (ерлер) – 07-27 қаңтар, Испания; 

 Семсерлесуден Гран-при турнирі (сабля) – 08-13 қаңтар, Монреаль (Канада);

 Семсерлесуден әлем кубогі кезеңі (шпага, әйелдер) – 09-13 қаңтар, Гавана (Куба);

 Семсерлесуден әлем кубогі кезеңі (шпага, ерлер) – 09-13 қаңтар, Хайденхайм (Германия);

 Нысана көздеу және стенд атудан халықаралық турнир – 10-18 қаңтар, Әл-Кувейт (Кувейт); 

 Каратеден А сериясы – 12-14 қаңтар, Сантьяго (Чили);

 Грек-рим күресінен Гран-при турнирі – 15-20 қаңтар, Ницца (Франция); 

 Еркін және әйелдер күресінен халықаралық турнир – 16-19 қаңтар, Рим (Италия); 

 Бокстан халықаралық турнир (әйелдер) – 20-27 қаңтар, София (Болгария);

 Тректегі велоспорттан әлем кубогі кезеңі – 21-27 қаңтар, Канада; 

 Әйелдер күресінен халықаралық турнир  - 22-27 қаңтар, Красноярск (Ресей); 

 Дзюдодан Гранд-слэм турнирі – 23-25 қаңтар, Тель Авив (Израиль); 

 Семсерлесуден Гран-при турнирі  - 23-27 қаңтар, Доха (Катар); 

 Каратеден Премьер-лига турнирі -  24-26 қаңтар, Париж; 

 Велоспорттан халықаралық турнир – 25 қаңтар – 12 ақпан, Испания; 

 Үстел теннисінен халықаралық турнир – 27 қаңтар – 02 ақпан, Германия; 

Н. Үсенова