15 жастағы футболшы Неймардың рекордын бұзды

"Освальдо" командасының шабуылшысы Пабло Хуан "Пари Сен-Жерменнің" ойыншысы Неймардың рекордын бұзды. Бразилиялық футболшы жастар арасындағы Сан-Паулу Кубогына қатысқан ең жас ойыншы атанды.

15 жастағы ойыншы "Понте Претаға" қарсы матчта алаңға шығып, 2008 жылы Неймардың орнатқан рекордын жаңартты.

"Жастар арасындағы Сан-Паулу Кубогына қатысу менің арманым болатын. Әлемнің үздік командалары бақылайтын үздік турнир", - деп пікір білдірді Хуан.