2019 жылы ең көп көрермен келген матч анықталды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
2019 жылы ең көп көрермен келген матч анықталды
Фото ©️ FC Barcelona

Футбол әлемінде беделді Transfermarkt сайты 2019 жылы жанкүйер көп жинаған 10 матчтың тізімін жасады. 

БӨЛІСУ

Рейтингті Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында өткен "Барселона" - "Ливерпуль" матчы бастады. "Камп Ноудағы" кездесуді тамашалау үшін 98 299 жанкүйер келген.

2019 жылы ең көп көрермен келген 10 матч:

1. "Барселона" - "Ливерпуль" ("Камп Ноу", Барселона, 1 мамыр) - 98 299 көрермен;
2. "Кайзер Чифс" - "Орландо Пайретс" ("Соккер Сити", Йоханнесбург, 9 қараша) - 88 000 көрермен;
3. "Манчестер Сити" - "Уотфорд" ("Уэмбли", Лондон, 18 мамыр) - 85 854 көрермен;
4. Жыл ішінде бірнеше матч ("Сигнал Идуна Парк", Дортмунд) - 81 365 көрермен;
5. "Реал" - "Барселона" ("Сантьяго Бернабеу", Мадрид, 27 ақпан) - 80 472 көрермен;
6. Жыл ішінде бірнеше матч ("Азади", Тегеран) - 80 000 көрермен;
7. Франция - Албания ("Стад де Франс", Сен-Дени, 7 қыркүйек) - 78 000 көрермен;
8. "Милан" - "Интер" ("Сан-Сиро", Милан, 17 наурыз) - 77 749 көрермен;
9. Жыл ішінде бірнеше матч ("Альянц Арена", Мюнхен) - 75 000 көрермен;
10. "Герта" - "Боруссия" Дортмунд ("Олимпиадалық стадион", Берлин, 16 наурыз) - 74 667 көрермен.