BoxRec қазақстандық үздік 10 боксшыны анықтады

BoxRec қазақстандық үздік 10 боксшыны анықтады
Фото: instagram.com/gggboxing

Boxrec.com сайты қазақстандық үздік 10 боксшыны анықтап, рейтингті жаңартты.

Бірінші орында орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин. Оның ұпайы басқалардан әлдеқайда көп – 1276. Екінші орында – 196,1 ұпаймен Батыр Жүкембаев. Қазақстандық боксшылардың үздік үштігін 141,6 ұпаймен Қанат Ислам түйіндеп тұр.

BoxRec нұсқасы бойынша қазақстандық үздік ТОП-10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) – 1276
2. Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) – 196,1
3. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) – 141,6
4. Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) – 113,2
5. Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) – 80,01
6. Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) – 72,92
7. Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) – 63,78
8. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) – 54,77
9. Станислав Калицкий (9-0, 3 КО) – 54,13
10. Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) – 50,55.

Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген Айдос Ербосынұлы, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов және басқа да білікті спортшылар үздік ондықтан тыс қалып қойды.

Massaget