Хабиб Нурмагомедов Алматыда жанкүйерлерімен кездесті

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Хабиб Нурмагомедов Алматыда жанкүйерлерімен кездесті
Фото ©️ Massaget

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бүгін Алматы қаласында жанкүйерлерімен тілдесіп, кездесу ұйымдастырды.

БӨЛІСУ

Дағыстандық спортшыны Алматы жұрты жылы қарсы алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Еркін форматта өткен кездесуде тілшілерден бөлек жанкүйерлер де сұрақ қойды. 

Балалар үйінен келген Хабибтің кішкентай жанкүйерлері кештің құрметті қонағы болып, алдыңғы қатардан орын алды. 

Сондай-ақ ТМД елдерінде "Красава" атымен танымал блогер Евгений Савин қазақстандық Ник Вуйчич Әли Тұрғанбекті ертіп әкеліп, кештің басты қонағы Хабиб Нурмагомедовпен жүздестерді. Әли дағыстандық спортшыға ПСЖ ойыншыларының қолы қойылған допты табыстап, артынша ойнады.