Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Almaty Triathlon Federation 2019 жылғы үздік спорт федерациясы атанды
Almaty Triathlon Federation 2019 жылғы үздік спорт федерациясы атанды

Almaty Triathlon Federation (ATF) Қазақстан Республикасындағы триатлонмен айналысатын барлық ұйымдар арасында екінші рет жылдың "Үздік спорт федерациясы" деп танылды.

Қазақстан триатлон федерациясының спорт директоры Сергей Майер ATF атқарушы директоры Руслан Когайды құрметті ерекшелік белгісімен марапаттады. Сондай-ақ, Almaty Triathlon Federation құрамасының мүшесі Александр Тен жылдың "Үздік жас спортшы" құрмет кубогымен марапатталды.

"Almaty Triathlon Federation "(ATF) қоғамдық бірлестігі 2017 жылы Алматы қаласында триатлон мен циклдық спорт түрлерін дамыту, ел ішінде жарыстар өткізу және жетекші спортшылардың ұлттық құрама және халықаралық жарыстарға қатысуын ұйымдастыру үшін құрылды. Федерация басшысы - Ғалымжан Есенов академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының және "Алматы Марафон" негізін қалаушы.

"Almaty Triathlon Federation" 2018 жылы ҚР-дағы барлық триатлон спорт бірлестіктері арасында "Жыл федерациясы" деп танылды. ATF қызметінің арқасында Алматы қаласы Орталық Азиядағы триатлон дамуының басты драйвері болды.

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет

Қосылған күні: 21 желтоқсан 2019, 20:15
Тегтер: спорт, триатлон,