Сабина Алтынбекова Дубай командасына ауысты

Сабина Алтынбекова Дубай командасына ауысты
Фото: CapaTaiwan

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Васл" командасының жейдесін киді.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында хабарлады: "2020 жылға жаңа үмітпен", - деп жазды Сабина Алтынбекова жаңа командасының жейдесінде түскен суретін жүктеп.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sabina Altynbekova | S20 ???? (@altynbekova_20)19 Дек 2019 в 4:13 PST

"Аль-Васл" – Дубай қаласының командасы. Бұл бірнеше спорт түрінен командаларды біріктірген мультиспортты клуб. Биыл "Аль-Васл" волейболдан Арабия Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, 23 жастағы волейболшы бұған дейін де шетелде ойнап көрген. Ол 2015 жылы Жапонияның екінші лигасында бақ сынайтын CSS Sunbeam командасының сапында ойнады. Ал Қазақстанда "Алматы" клубында өнер көрсеткен.

 
А. Рысдәулет