Роналду өзін Майкл Джорданмен салыстырды

Роналду өзін Майкл Джорданмен салыстырды
Фото: NEWS.am Sport

Туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 17-туры аясында өткен "Сампдорияға" қарсы матчта соққан ерекше голына қатысты пікір білдірді.

Португалиялық шабуылшы баспен гол соғу үшін жерден 71 сантиметрге секірген. Допты ұрған сәтте ол жерден 2,56 метр биікте болған. Матчтан соң Роналду Instagram-парақшасында өзін танымал баскетболшы Майкл Джорданмен салыстырып, пост салған:  "CR7 AIR JORDAN!", - деп жазды футболшы.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

CR7 AIR JORDAN!!✈️???? #forzajuve #finoallafine

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)18 Дек 2019 в 2:04 PST

"(2,56 биікке секіріп гол соққаны жайлы) Бұл туралы білмедім. Нәтижеге көңілім толады. Ойын қиынға соқты. "Сампдория" өте жақсы ойнады. Командамыз матчта жақсы дайындықпен шықты. Әдемі гол соққаным үшін және команданың кезекті үш ұпайға қол жеткізуіне үлесімді қосқаным үшін қуаныштымын", – деді Роналду матчтан соң Football Italia басылымына. 

Биылғы маусымда Криштиану Роналду  "Ювентус" жейдесінде 14  матчқа шығып, 10 гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған.

А. Рысдәулет