Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Алматыда тегін мұз айдындары ашылды
Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

Алматыда тегін мұз айдыны алаңдары ашылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.

“Алматылықтар Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында ашылған тегін мұз айдындарында болды. Мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрмақ. Сол себепті Алматының құбылмалы ауа райы мұздың еріп кетуіне кедергі келтірмейді. Сырғанау алаңдары 10 наурызға дейін жұмыс істейтін болады. Мұз айдынында сағат 10:30-дан 23-00-ге дейін жалға беру пункттері жұмыс істейді”, - деді қала басшысы.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

18.12.2019 Алматылықтар Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында ашылған тегін мұз айдындарында болды. Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдында тағы бір мұз айдыны ашылады. Сырғанау алаңдарының жалпы аумағы — шамамен 12 мың м². Бұл — Медеу мұз айдынындағы мұздың бетіне қарағанда 1,5 мың м² артық. Мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрмақ. Сол себепті Алматының құбылмалы ауа райы мұздың еріп кетуіне кедергі келтірмейді. Сырғанау алаңдары 10 наурызға дейін жұмыс істейтін болады. Мұз айдынында сағат 10:30-дан 23-ге дейін жалға беру пункттері жұмыс істейді. Көп уақытыңызды балалар мен отбасыңызға, достарыңызбен жақындарыңызға бөлгеніңіз абзал. Айналаңызға көңілді көңіл-күй сыйлай біліңіз. Жаңа жылдық көңіл-күй көтеріңкі болсын! —— Алматинцы уже успели опробовать лед бесплатных катков, открытых в парке Первого Президента, парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев, перед акиматом Наурызбайского района. Еще один откроется в Турксибском районе перед ТЦ «MART». Общая площадь катков — почти 12 тысяч м². Это на 1,5 тысячи м² больше, чем поверхность льда на катке Медеу. Лед поддерживается специальными охладительными машинами. Так что капризы алматинской зимы не страшны — катки будут работать вплоть до 10 марта. На катках с 10:30 до 23:00 работают пункты проката. Проводите больше времени с детьми, семьей, друзьями и близкими. Получайте и дарите окружающим позитивные эмоции. Заряжайтесь новогодним настроением!

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)17 Дек 2019 в 7:22 PST

Әкімнің айтуынша, жақында Түрксіб ауданындағы “MART” сауда үйінің алдында тағы бір мұз айдыны ашылады. Сырғанау алаңдарының жалпы аумағы шамамен 12 мың шаршы метр болмақ. Бұл — Медеу мұз айдынындағы мұздың бетіне қарағанда 1,5 мың шаршы метрге артық.

“Көп уақытыңызды балалар мен отбасыңызға, достарыңызбен жақындарыңызға бөлгеніңіз абзал. Айналаңызға көңілді көңіл-күй сыйлай біліңіз. Жаңа жылдық көңіл-күй көтеріңкі болсын!”, - деп жазды қала басшысы.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: courrierfrontenac.qc.c
Қосылған күні: 18 желтоқсан 2019, 17:40