Головкин-Шеремета жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Головкин-Шеремета жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды
Фото: © fightsaga.com

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета жекпе-жегі наурызда өтеді деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Ring Polska басылымы KnockOut Promotions компаниясына сілтеме жасап.

Қос боксшы арасындағы кездесу алғашында 8 ақпанда, АҚШ-тың Чикаго қаласында өтеді деп жоспарланған еді.

Головкин мен Шеремета соңғы жекпе-жектерін 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткізген болатын. Поляк боксшысы андеркартта мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірсе, қазақстандық боксшы украиналық Сергей  Деревянченконы жеңген еді.

А. Қажиев