Аралас жекпе-жектен Қазақстан Кубогы жеңімпаздары анықталды

Аралас жекпе-жектен Қазақстан Кубогы жеңімпаздары анықталды

Талдықорған қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыс өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның 13 облысынан келген командалар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынады. 

– Жарыстың ерекшелігі, бірінші орын алғандар "Спорт шебері" атағын иемденді. Ал жүлдегерлер қатарынан көрінгендер ұлттық құрамаға шақырту алады. Жеңімпаз командаға дәстүрлі Кубокты табыстадық. Бұл жүлде жылда үздік шыққан ұжымға беріліп, ауысып отырады, - деді ұйымдастыру комитетінің басшысы, Қазақстан аралас жекпе-жек біріккен федерациясының директоры Илья Кириченко.

"Жастар" кешінінде үш күнге созылған жарыста топ жарғандар:

Жасөспірімдер: Мамедов Анар (салмақ дәрежесі– 52,2), Қарағанды облысы, Аслан Сисенов (56,7), Атырау облысы, Абай Жалал (61,2), Алматы облысы, Адлан Умаров (65,8) Қарағанды облысы, Сұлтан Асылбек (70,3), Алматы облысы, Игорь Ахматов, (77,1), Қарағанды  облысы, Әділбек Әділет (83,9), Алматы облысы, Диас Тілеміс (120,2), Ақтөбе облысы.

Ересектер: Бардібек Сиржаев (52.2), Атырау облысы, Руслан Мейірманов (56.7), Алматы облысы, Дастан Жақыпбеков (61.2), Алматы облысы, Жұлдызбек Қалмаш (65.8), Алматы облысы, Ержан Олжас (70.3), Алматы облысы, Асхат Жакенов (77.1), Қостанай облысы, Жақсылықбаев Санжар (83.9), Алматы облысы, Мәлік Темірсұлтанов (93), Нұр-Сұлтан, Ердәулет Жеңіс (120.2), Алматы облысы.

Әйелдер: Үкілай Ахметуәлиқызы (52.2), Алматы облысы, Алтынай Мергенбай (56.7), Түркістан облысы, Меруерт Естемес (70.3), Жамбыл облысы.

 

А. Рысдәулет