Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Джошуа Руиcтен белбеулерін қайтарып алды (видео)
Джошуа Руиcтен белбеулерін қайтарып алды (видео)

Британиялық боксшы Энтони Джошуа америкалық Энди Руиcге қарсы реванш өткізіп, маусымда ұтқызып қойған белбеулерін қайтарып алды. Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риятың маңындағы Ад-Дирия қаласындағы бокс кешінде Джошуа ұпай санымен жеңіске жетті.

Үш төреші де жеңісті британдық боксшыға берді: 118: 110, 119: 109, 118: 110.

Осылай Джошуа өте ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қайтарып алды. Жекпе-жек екі боксшының арасындағы екінші жекпе-жек болды. Маусым айындағы бірінші жекпе жекте шаршы алаңдағы шайқас үшінші раундта тартысқа толы болды. Алдымен Джошуа қарсыласын нокдаунға түсірді. Жылдам ес жиған Руис есе қайтара білді. Британдық боксшыны бір емес, екі рет тізерлетті. Жетінші раундта Энди Руис шабуылдап, Энтони Джошуаға ес жидырмады. Сылбыыр жұдырықтасқан британдық бірнеше рет нокдаун алды. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуына тура келген еді.

Айта кетейік, Британдық боксшы алғашқы белбеуін 2016 жылы жеңіп алды, содан кейін ол IBF-ді 6 рет, WBA белбеуін 3 рет және WBO белбеуін бір рет қорғаған. Енді 30 жастағы Джошуада 23 жеңіс және бір жеңіліс бар, ал Руисте 33 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.

Қазіргі уақытта өте ауыр салмақтағы 4 беделді белбеулердің бірі WBC Деонтей Уайлдерде.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 08 желтоқсан 2019, 14:09
Ұқсас жазбалар:
Джошуа басты жекпе-жекте жеңіліп қалды