Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Кубада қазақ күресі секциясы ашылды
Кубада қазақ күресі секциясы ашылды

Кубалық ауыр салмақтағы дзюдошы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, "Әлем Барысы" Рене Брайсон Видал Кубада қазақ күресі секциясын ашып, желтоқсанның 15-16 күндері Ақтөбеде өтетін әлем чемпионатына өз командасымен келеді.

Кубалық Оскар Рененің есімі қазақ күресінің жанкүйерлеріне жақсы таныс. Бірнеше жыл бұрын ол "Әлем Барысы" қатысып, финалда әдемі әдісімен чемпион атанған еді.

Бүгінде ол өз Отанында осы спорт түрін белсенді дамытуда. Оның айтуы бойынша, қазақ күресі – ең тартымды және болашағы жарқын спорт. "Маған қазақ күресі ұнайды. Техникалары дзюдоға ұқсас келеді. Менің ойымша қазақ күресінің әлеуеті зор", - дейді Оскар Рене Брайсон Видал. Биылдың 15-16 желтоқсан күндері Ақтөбеде да өтетін Qazaq Kuresi әлем чемпионатына спортшы Куба құрамасының жаттықтырушысы ретінде келеді.

Сонымен қатар, әлем чемпионатына Араш Миресмаели – ирандық дзюдошы, дзюдодан әлем чемпионы және Ли Вон Хи де өз командасымен бірге Qazaq Kuresi халықаралық федерациясының арқасында қазақ күресінің даму географиясы қарқынды түрде кеңеюде. Қазіргі уақытта федерацияның құрамында 29 ел бар. Олардың қатарында: Моңғолия, Украина, Латвия, Грузия, Польша, Норвегия, Эстония, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Испания, Қырғызстан, Кипр, Италия, Словения, Үндістан, Ресей және тағы басқалары бар.

Иран мен Грузия елдерінде балаларға арналған клубтар ашылды. Қазақ күресі бүгінде даму үстінде: арнайы кеңес құрылды, қазақ күресінің ережелеріне өзгерістер енгізілді, балуандар белдесетін кілем жарақат жағынан қауіпсіз ролл матқа ауыстырылды. Қолдануға ыңғайлы, сапасы жоғары бұл қалың материалдың арқасында күрестің динамикасы арта түспек.

Ақтөбе қаласында өтетін әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Аустрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Inbusiness.kz
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2019, 13:16