Алматылық триатлоншылар маусымды аяқтады

Алматылық триатлоншылар маусымды аяқтады

Қазақстанның оңтүстік астанасында Almaty Triathlon Federation (ATF) қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен Indoor триатлоннан 3-ші ашық чемпионаты өтті. 

Indoor Triathlon – маусымаралық жарыстар үшін арнайы ойлап табылған үшсайыстың бір түрі. Бұл жерде жүзу кезеңі бассейнде, велокезең – велосипед жаттығу құрылғысында, ал жүгіру – арнайы жүгіру жолында өтеді. Дегенмен бұл республикалық іс-шаралар кестесіне енгізілген.

Чемпионат ұйымдастырушылары: "Almaty Triathlon Federation" ҚБ, Қазақстан триатлон федерациясы, Алматы қаласы әкімдігі, World Class Almaty триатлон мектебі, "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қоры (Алматы Марафоны), Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қоры және "Сенің жаңа қырың!мультиспорттық YouTube-арнасы.

- Жабық жайлардағы триатлон - бұл қарсыластар мен төрешілер әрдайым қасыңда болатын ерекше жарыс. Әрбір спортшыға біз "жеке" төрешіні бекітеміз, ол кезеңдердің орындалу адалдығын бақылап қана қоймай, сонымен қатар бағыт учаскелерінен оңтайлы өту үшін ұсыныстар береді. Бүгінгі чемпионат спорт ғимараттарының мүмкіндіктерін қаншалықты кеңінен қолдануға болатынын көрсетеді. Велотренажерлер мен жүгіру жолдары әрбір фитнес-орталықта, ал жүзу бассейндері - әрбір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бар. Сондықтан, мұндай жарыстарды республиканың кез келген қалалары мен аудандарында өткізуге болады, - дейді ATF атқарушы директоры Руслан Когай.

Бірінші күні "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым - велокезең, 2 шақырымға жүгіру) дистанциясында 13 жастан жоғары 60 кәсіби атлет сайысқа түсті. Төрешілерден басқа, әрбір спортшыны жаттықтырушылар мұқият бақылап, жаңа спорт дарынын іздеді. 

- 2019 жылы Almaty Triathlon Federation қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі тоғыз жарыс өткізді. Триатлонды дамыту стратегиясы аясында бес әуесқой старт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қала чемпионаттары өте маңызды, себебі дәл осы жерде біз қала құрамасына үміткерлерді іріктейміз, - дейді ATF бас бапкері, 2019 жылы триатлоннан ҚР чемпионы Максим Мазур

 
А. Рысдәулет