Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Аралас жекпе-жектен Қазақстан Кубогы өтеді

Аралас жекпе-жектен Қазақстан Кубогы өтеді

Аралас жекпе-жектен Қазақстан Кубогы өтеді

Талдықорған қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) әуесқойлар арасында Қазақстан кубогы турнирі өтеді.

Жарыс желтоқсан айының 4-8 күндері аралығына жоспарланған. Байрақты бәсеке 11 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Турнир жеңімпаздарына "ҚР спорт шебері" атағы беріледі.

Доданың басты мақсаты – аралас жекпе-жек спортын насихаттау және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Турнирдің өтуіне ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитет, Алматы облысының әкімдігі, Талдықорған қаласы әкімдігі, Алматы облысы ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы мұрындық болып отыр.

Еске сала кетсек, 2018 жылы "Қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясы ММА" РҚБ бірнеше ММА федерацияларын біріктірді. Ұйымды Ғалымжан Есенов басқарды, ал бас директор болып Валихан Тен тағайындалды.

Республикалық бірлестік президенті Кәрім Мәсімов болып табылатын Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейді. Бұл қауымдастық карате, жекпе-жек, толық байланыстағы спорт түрлері және ММА аралас жекпе-жек сияқты бағыттарды дамытады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 03 желтоқсан, 15:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.