Жарақатынан айыққан Әбілхан Аманқұл халықаралық жарыста топ жарды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Жарақатынан айыққан Әбілхан Аманқұл халықаралық жарыста топ жарды
Фото ©️ Қазақстан бокс федерациясы

Ақтауда бокстан Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХІІ халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

БӨЛІСУ

Жарыстың көркін 75 килодағы ұлттық құраманың көшбасшылары Әбілхан Аманқұл мен Тұрсынбай Құлахмет қыздырды. Қос мықты турнирдің финалына сүрінбей өткен. Әбілхан Аманқұл соңғы өткен Азия мен әлем чемпионатын жарақатына байланысты жіберіп алса, оның орнын басқан Тұрсынбай Құлахмет құрлық біріншілігінен де, әлем чемионатынан да жүлдесіз оралмады.

Бұл жекпе-жек Олимпиада жолдамасына кімнің таласатынан анықтап берді. Төрешілер финалдық жекпе-жекте жұдырықтасқан қос мықтының арасынан жеңісті бірауыздан Әбілхан Аманқұлға берді. 

52 килода елордалық Азат Махметов алтыннан алқа тағынса, 57 килоға дейінгі салмақта павлодарлық Серік Теміржанов топ жарды. Маңғыстаулық қос боксшы Сұлтан Шаршаров (69 кило) пен Жеңіс Нұрас (81 кило) өз салмақтарында қарсылас шақ келтірмеді. 91 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде түркістандық Бек Нұрмағанбет алтын алды. Ал аса ауыр салмақтың бас жүлдесін атыраулық Мұхамеджан Еркін иеленді. Тәжікстаннан келген Боахдыр Усмонов есімді боксшы 63 килода жеңіс тұғырынан көрінді. 

Алда жылды қорытындылайтын Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс бар. Ұлттық құраманың бірінші нөмірлері болса келер жылдың ақпан айында Қытайда өтетін лицензиялық турнирге дайындалып жатыр.  

Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХІІ халықаралық турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

52 кило
1 орын — Азат Махметов (Нұр-Сұлтан)
2 орын — Дүйсенбай Қуаныш (Маңғыстау)
3 орын — Олжас Байниязов (Атырау)
3 орын — Самат Жетібаев ( Маңғыстау)

57 кило
1 орын — Серік Теміржанов (Павлодар)
2 орын  Рүстем Шауменов (Қарағанды)
3 орын  Жанболат Қыдырбаев ( Жамбыл)
3 орын — Саматәлі Төлтаев ( Маңғыстау)

63 кило
1 орын — Бахадүр Осмонов (Тәжікстан)
2 орын — Ертуған Зейнулинов (ШҚО)
3 орын — Закир Сафиуллин (Шымкент)
3 орын — Сабыржан Бекбергенов (Ақмола)

69 кило
1 орын — Сұлтан Шаршов (Маңғыстау)
2 орын — Дулат Бекбауов (Жамбыл)
3 орын — Мәулен Өскенбек (Маңғыстау)
3 орын — Сайфолла Эркинбаев (Өзбекстан)

75 кило
1 орын — Әбілхан Аманқұл (Жамбыл)
2 орын — Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда)
3 орын — Жүсіп Қуандық (Қызылорда)
3 орын — Ерік Әлжанов ( Маңғыстау)

81 кило
1 орын — Нұрас Жеңіс ( Маңғыстау)
2 орын — Таалайбек Айтбекуулу (Қырғызстан)
3 орын — Арман Нұрасылов (Маңғыстау)
3 орын — Илес Ушаев ( Ресей, Чечня)

91 кило
1 орын — Бек Нұрмағанбет ( Түркістан)
2 орын — Нұрлан Сабиров ( Маңғыстау)
3 орын — Оңталап Рахманов (Қызылорда)
3 орын — Бектур Алымбекуулы (Қырғызстан)

+91 кило
1 орын — Еркін Мұқаметжан (Атырау)
2 орын — Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау)
3 орын — Шермахамат Хакимов (Қырғызстан)
3 орын — Абдулла Худоргонов (Өзбекстан)