Мектеп оқушысы кәсіпқой рингте үшінші жеңісіне қол жеткізді

Мектеп оқушысы кәсіпқой рингте үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: boxanalitika.ru

17 жасар америкалық боксшы Вито Мельницки (3-0, 3 КО) отандасы Марклин Бэйлиді (6-6, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Бүгін Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде өткен бокс кешінде Вито Мельницки қарсыласын екінші раундта жеңді.

- Бэйли абдырап қалғанын сездім, бірақ төреші соңына дейін ұруға мүмкіндік бермеді. Вегастағы жеңісім нокаутпен басталғанына қуаныштымын, - деп әсерімен бөлісті боксшы Boxingscene басылымына берген сұқбатында.

Осылайша Вито Мельницки кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне жетті.

 
А. Рысдәулет