Қазақ спортшысы сумодан Жапонияның чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Ерсін Балтағұл сумодан Жапонияның жастар арасындағы чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақ күресі ұлттық федерациясының вице-президенті Арман Шораев жазды.

Ерсін Балтағұл сумодан Жапонияның жастар арасындағы чемпионы атанды. Ол төрт жылдан бері күншығыс елінде жаттығып жүрген екен. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от арман шураев (@arman_shorai)18 Ноя 2019 в 12:51 PST

- Біздің қарапайым ғана қазақ баласы Ерсін Балтағұл Жапонияда жастар арасында сумодан чемпион атанды! Ерсін төрт жылдан бері Токиода тұрып, сол жақта оқып жатыр. Біздің моңғол бауырымыз Асашери Акинориге  баламызды төрт жыл бұрын таңдап, мансабына жол ашып бергені үшін рахмет айтамыз, - деп жазды Арман Шораев Intsagram парақшасында.