ММА: Әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 18 медаль жеңіп алды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
ММА: Әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 18 медаль жеңіп алды

Бахрейн Корольдігінің астанасы Манама қаласында ММА-ден өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы чемпионатта 18 медаль жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Жастар арасында 9 медаль иеленіп, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Ал  ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 9 медаль түсті.

Жастар арасында 52 килода сынға түскен Фариз Абдалов пен 56 килода Ғани Әділсерік қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Ал қыздар арасында жалғыз қызымыз Талшын Жұматаева (70,3 кило) тағы бір қазақстандық Айжан Әбдіқадырдан басым түсіп, үздік шықты.

Сондай-ақ 52 килода Ерұлан Қабдолов күміс алды. Ал қоланы төрт бірдей спортшымыз иемденді. Атап айтқанда: Тыныштық Жәнібек (61 кг), Досжан Кенжебаев (70 келі), Айгерім Төреханова (52,2) және Инас Әшірбек (56,7).

Осылайша біздің спортшылар жалпы командалық есепте екінші орынға шықты. Көш басына Ресей құрамасы көтерілсе, үздік үштікті Англия түйіндеді. 

Ал ерлер арасында түскен жалғыз алтынды "2019 жылдың үздік ММА спортшысы" атанған Бағдат Жұбаныш иеленді. Ал Аян Тұрсын, Еламан Шалқымбеков, Қазбек Сағын, Расул Хатаев күмісті олжалады. Сонымен қатар, Дастан Амангелді, Олжас Молдағалиев, Саид Хасенова, Ерназ Мұсабек үздік үштіктен көрінді.

Тағы айта кетерлігі, әлем чемпионатында "Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен біріккен федерациясы" тарихында алғаш рет IMMAF-WMMAA жарысын ұйымдастырушылардан "артықшылық" Кубогы мен "әлемдегі ММА-ның дамуына қосқан үлесі үшін" кубоктарын алды.