Ислам Бозбаев дзюдодан Еуропа лигасының қола жүлдегері атанды

Ислам Бозбаев дзюдодан Еуропа лигасының қола жүлдегері атанды
Фото: fdk.kz

17 қараша күні Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан клубтар арасындағы Еуропа лигасы өтті.

Байрақты бәсекеде қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Грекияның "Арис" клубы сапында бақ сынап, отандасымыздың командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.

Турнирде Франция, Сербия, Портулагия, Грузия, Германия және Грекиядан 6 әйелдер және 11 ерлер командасы сынға түсті. Жалпы алғанда жарысқа әлемнің 22 мемлекетінен жалпы есебі 171 спортшы қатысты.

 
А. Рысдәулет