Алматыда киберспорттан WESG 2019 Central Asia іріктеу турнирі өтеді

17 қараша күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында World Electronic Sports Games турнирінің қазақстандық іріктеуі өтеді.

Квалификация Counter-Strike:Global Offensive, Dota 2, StarCraft II және Pro Evolution Soccer 2020 дисциплинасы бойынша өтеді. Counter-Strike:Global Offensive пен Dota 2-нің екі финалисі және StarCraft II мен Pro Evolution Soccer 2020 жеңімпаздары 2-5 қаңтар аралығында Куала-Лумпурда өтетін Азия-Тынық мұхиты өңірінің іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Орталық Азия іріктеуінде Қазақстан атынан қатысатындар:

Counter-Strike:Global Offensive: Avangar, Syman Gaming

Dota 2: Cyber Dogs, DropDead

Дисциплина StarCraft II:Lightweight, AntonyZerg

Pro Evolution Soccer 2020: Abdulkin, RedCard

Турнир трансляциясы Pinger Pro Youtube-арнасында жүргізіледі.